Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасындағы елшіні ауыстырды

Тимур Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 11:22 Сурет: akorda.kz
Тоқаев еліміздің Беларусь Республикасындағы елшісін ауыстырды. Жаңа қызметке Тимур Жақсылықов отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 4 маусымда Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды",- делінген хабарламада.
Тоқаев Беларусь Республикасындағы елшіні ауыстырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 11:22

Сурет: gov.kz

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистры, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары — Қазақстан агротехнологиялық университетінің атқарушы ректоры.

1998-2003 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы – ДСҰ мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі.

2005 жылғы шілде-қараша аралығында — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы.

2005 жылғы қараша – 2006 жылғы ақпан аралығында "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2006 жылғы ақпан-қазан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" РМК бас директорының м. а.

2006 жылғы қазан – 2007 жылғы қыркүйек аралығында "Астананы тұрақты дамыту орталығы" ЖШС директоры қызметін атқарды.

2007 жылғы қыркүйек – 2008 жылғы сәуір аралығында — Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.

2008-2009 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2010 жылдары — ҚР индустрия және сауда вице-министрі.

2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы.

2010-2012 жылдары — "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы.

2012-2013 жылдары — ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2013-2014 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары — экономика және қаржы саясаты министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу қаласы.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін — ҚР Президентінің көмекшісі.

2021 жылғы 16 ақпаннан бастап Қазақстан ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі болды.

Сондай ақ, Президенттің тағы бір Жарлығымен Ерлан Байжанов осы қызметтен босатылды.

"Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды",- деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшіні тағайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: