Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшіні тағайындады
Сурет: Telegram/pressmfakz
Тоқаев 4 маусымда Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшіні тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда бүгін, 2024 жылғы 4 маусымда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды",-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы өзге де бұйрықтарымен Ерлан Байжановты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатып, оның орнына Тимур Жақсылықовты тағайындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript