Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Айта кетсек, 2025 жылы 18 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Тоқаевты тақ мұрагерінің Иордания сарайында қалай қарсы алғанын мына арадан оқуға болады. 2025 жылы 19 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иордания қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Король II Абдалланы "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Одан кейін Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript