Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания, музей, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 19:47 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме залдарын аралап көріп, музей қорында сақталып тұрған сирек жәдігерлермен және экспонаттармен танысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Иордан Хашимит Корольдігіндегі ең үлкен музейдің құрылу тарихы жөнінде мәлімет берілді.

Сурет: Ақорда

Музейдегі ерекше көрменің бірі – Кумран қолжазбалары. Онда тарихи құндылығы зор мыс қолжазбалардың фрагменттерімен танысуға болады.

Сурет: Ақорда

Иордания музейі тұрақты экспозициядан бөлек, ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу үшін уақытша көрмелер, дәрістер, семинарлар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

Президент нысанды аралап көрген соң Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2025 жылы 18 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Тоқаевты тақ мұрагерінің Иордания сарайында қалай қарсы алғанын мына арадан оқуға болады. 2025 жылы 19 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иордания қандай құжаттарға қол қойғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы Король II Абдалланы "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: