Смайылов депутаттың ҚТЖ туралы ыңғайсыз сұрағына жауап берді
Сурет: primeminister.kz
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов 12 маусымда Мәжіліс отырысында "Қазақстан темір жолы"(ҚТЖ) қаржы жағдайы мәселесіне неге бұрын мән бермегеніне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутат Ерлан Саиров Әлихан Смайыловтан премьер-министр қызметін атқарған кезде ҚТЖ-мен мәселені неге ертерек шешпегенін сұрады.
"Құрметті Әлихан Асханұлы, сіздер бүгінгі таңда ҚТЖ-ның қаржылық жағдайы өте нашар деп айттыңыздар. Шынымды айтсам, сіз премьер-министр болған кезде де оның жағдайы тура осы деңгейде болды. Менің сұрағым – неге сіз бұл мәселені сол кезде шешпедіңіз?"- деді депутат.
Смайылов оған бір кездері ҚТЖ-ға қатысты мәселе бірнеше рет көтерілгенін айтты.
"Сондай-ақ, олар салалық министрліктерге жүгінді. ҚТЖ компаниясына тапсырмалар жолданды, жұмыстар жүргізуді талап етті. Бірақ қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз және тиімсіз, сондықтан біз бұл мәселені тағы да көтеруге мәжбүрміз", – деп толықтырды Смайылов.
Бұған дейін жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ кредиттік тәуекелдің "қызыл" аймағында екенін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript