Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Уәли Садықовқа жасалған шабуыл туралы: Ең бастысы, ол – Қазақстан азаматы

Берік Уәли, Қасым-Жомарт Тоқаев, Киев, шабуыл, журналист, Айдос Садықов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 19:50 Сурет: akorda.kz
19 маусымда Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Берік Уәли Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанына түсініктеме берді. Ол журналист пен оның отбасы мемлекетке арқа сүйей алатынын айтты, деп мәлімдеді Zakon.kz.

Баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша ақпарат алу үшін Украина тарапына жүгінетінін, қажет болған жағдайда тергеуге ат салыса алатынын айтты.

"Айдос Садықовқа тағылған айыптарға қарамастан, ол ең алдымен Қазақстан азаматы болып табылады. Тиісінше, ол және оның отбасы өз құқықтарын пайдалана алады. Конституцияға сәйкес, олар мемлекеттен тыс жерлерде өз еліне арқа сүйеп, ел азаматы ретінде қорғалатындығына сенімді бола алады. Сондықтан Президент тиісті мемлекеттік және дипломатиялық қызметтерге, егер олардың келісімі болса, Садықовтар отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды", - деді ол.

2024 жылдың 18 маусымында Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны белгілі болды. Ол аман қалды, бірақ жағдайы ауыр. Киев прокуратурасы журналисті қасақана өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеуді бастады. Құзырлы ведомство "алдын-ала ақпарат бойынша, қолында тапаншасы бар белгісіз адам жәбірленуші мен оның әйелі тұрған көлікке тақап, ер адамға оқ атқан, содан кейін оқиға орнынан ізін суытқан" деп хабарланды. Жәбірленушіге тұратын үйінің маңында қастандық жасалған. Қаскөй іздестіріліп жатыр.

19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады. Президент біздің қоғамдағы барлық қақтығыс пен келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқықтық алаңда шешілуі керектігін айтты. 

БАҚ мәліметтері бойынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықовтар Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube және Telegram арналарын құрған. 2023 жылдың қазан айында оларға іздеу жарияланды. Іздестіру ісі Астанада тіркелді, ал оған ҚР ІІМ бастамашы болған. Құзырлы ведомство оның себебін былай түсіндірді: "Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: