Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет отырысында су тасқыны салдарынан келтірілген шығынның алдын ала мөлшері айтылды

Үкіметте су тасқыны салдарынан келтірілген шығынның алдын ала мөлшері айтылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 11:43 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2024 жылғы 25 маусымда өткен Үкімет отырысында Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынының салдарын жою үшін қанша қаражат қажет болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Бозымбаев бүгінде 67 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралғанын хабарлады. Ал, эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккендер үшін жалғыз тұрғын үй болып табылатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысын су басқан. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің 18 228 немесе 94% зерттелді, 15 651 нысан бойынша бағалау аяқталды.

"Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері бойынша 9 306 үй жөндеуге жатады. 8 190 қалпына келтіруге жатпайды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу және үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда. Тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. Жалпы сомасы 40 млрд теңгеге 6 176 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. 2024 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды", - деп атап өтті ол.

15 355 отбасы 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша өтемақы алды. Бұл мақсаттарға 7,6 млрд теңге бөлінді. Қаза тапқан мал үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

"Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы шамамен 833,8 млн теңгеге 124 өтінімін қарады және мақұлдады. Жалпы, алдын ала бағалау бойынша 24,1 млрд теңге сомаға 797 ШОБ субъектісі зардап шекті. Аталған нысандар бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде", - деді Бозымбаев.

Алдын ала бағалау бойынша әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес Үкімет резервінен инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бағытталатын болады.

19 маусымда Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: