Жаңалықтар тізбегі
0

Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 12:35 Сурет: akorda.kz
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 12:35

Сурет: akorda.kz

"Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 12:35

Сурет: akorda.kz

"Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев "Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу" деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жүректен жүрекке" акциясы ортақ іске мол септігін тигізді, – деді Президент.
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 12:35

Сурет: akorda.kz

Марапаттау рәсімінде "Зағиптар арманы" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің іс жүргізушісі Әлия Досмұханова, "Основание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экскаваторшысы Владимир Царик және "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының су беруді реттеушісі Шыңғыстау Әбдиев сөз сөйледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: