Жаңалықтар тізбегі
0

Си Цзиньпин Қытай-Қазақстан қатынастары туралы қандай пікірде

Си Цзиньпин Қытай-Қазақстан қатынастары туралы қандай пікірде , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 09:15 Сурет: gov.cn
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Kazinform агенттігі жариялаған авторлық мақаласында Қытай көшбасшысы Бейжің мен Астананың саяси өзара сенімінің деңгейін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Си Цзиньпиннің пікірінше, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті сапалы дамытуға қуатты серпін бермек.

Сондай-ақ, ол өзара тиімді екіжақты қатынастарды құрудың негізі болып табылатын төрт маңызды қағиданы атап өтті:

"Бірінші – өзара саяси сенімді тереңдету. Төраға Си Цзиньпиннің сапары екі ел қарым-қатынасының Қытайдың сыртқы саясатындағы ерекше және маңызды орнын толық көрсетеді. Қос елдің көшбасшысы арадағы дәстүрлі достықты жалғастырып, өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-бірін қолдайтын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ортақ болашағы бар қоғамдастықтың құрылуына жағдай жасайды",- деді ҚХР Төреағасы.
  • Екінші – практикалық ынтымақтастықты дамыту. Қазір Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналды. Биылғы қаңтар-мамырда тараптар арасындағы сауда көлемі 17,62 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсті. Автомобиль шығару, трансшекаралық электронды коммерция және жаңа энергетиканы дамыту сияқты жаңа салаларда келешегі зор ынтымақтастық жүзеге аса бастады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары екі ел арасындағы даму стратегияларының сәйкестігін тереңдетіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы "Бір белдеу - Бір жол" құрылысының жоғары сапалы бірлескен құрылысына оң ықпал етеді.
  • Үшінші – мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру. Соңғы жылдары екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени қатынас одан әрі тереңдей түсті. Екі ел өзара визалық жеңілдік саясатын жүзеге асырды. Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Қытайдың "Лу Бань шеберханасы" Қазақстанда қолданысқа енді, ал Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылу салтанаты сәтті өтті. Екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықтың ілгерілеуі барған сайын кеңейіп, достық іргетасы нығайып келеді. Мемлекеттік сапар Қытай мен Қазақстан мәдени байланысы мен ынтымақтастығын одан әрі тереңдетіп, екі халық арасында жаңа көпір салады.
  • Төртінші – халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қытай мен Қазақстан бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын белсенді түрде ілгерілете отырып, адамзаттың ортақ болашағы бар қоғамдастық тұжырымдамасын үнемі жүзеге асырып, Жаһандық даму бастамасын, жаһандық қауіпсіздік бастамасын және жаһандық өркениет бастамасын жүзеге асыру үшін күш біріктіреді. Сонымен бірге екі ел де біржақтылық пен гегемонизмге үзілді-кесілді қарсы болды. Осы сапар барысында ел басшылары халықаралық және аймақтық жағдайлар бойынша жан-жақты пікір алмасып, екі елдің халықаралық істердегі үйлестіру мен ынтымақтастығын жандандырып, әділетті және дұрыс жаһандық басқару жүйесін құруға "Қытай мен Қазақстанның қосқан үлесін" бұдан да арттыратын болады.

Төраға Си Цзиньпин Қазақстанға сапары барысында Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне де қатысады. Қытай ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттермен бірге ұйымның одан әрі дамуы, халықаралық жағдайға қосымша тұрақтылық пен оң серпін қосу жолында ынтымақтастықты, өзара сенім мен көп қырлы байланысты нығайтуға, ШЫҰ-ның бірыңғай тағдыры қоғамдастығы қалыптасуын, аймақтағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты, дамуды және жандануды ілгерілету үшін "ШЫҰ күш-қуатын" арттыруға күш-жігер жұмсауға дайын.

Еске сала кетейік 2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммиті өтеді. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарын алда өткізілетін шарадан құлақтандырып, аталған қалаларда террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі белгіленетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: