Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан Президенті қарсы алды

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимараты , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 13:33 Сурет: Ақорда
2024 жылы 6 шілдеде жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2024 жылы 6 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған. Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: