Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 09:01 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елде – Венгрия мен Албанияда жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті қаулылар 2024 жылғы 16 шілдеде Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Әбдірашов Жәнібек Жарасқанұлы Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: