Бектенов такси жүргізушілеріне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды

Бектенов такси жүргізушілеріне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 13:54 Сурет: freepik
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов 30 шілдеде Үкімет отырысында Қазақстанда такси жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін жиі елемейтінін және авариялық жағдайлар туғызатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлер кабинетінің басшысы көлік министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жеке таксилердің, әсіресе қалааралық маршруттардың қызметін реттеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Өңір әкімдіктері қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша қосымша шаралар қабылдасын. Сондай-ақ тұрғындармен автожолдар маңында мал жаюға қатысты жұмысты күшейткен жөн",- деді Бектенов.

Сондай-ақ, ол жалпы, Ішкі істер, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруы қажет екендігін айтты.

"Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізу тапсырылды. Осы негізде және жергілікті жағдайларды ескере отырып, апаттар ең көп болатын учаскелерде жол қозғалысын қадағалауды күшейтіп, қажетті шаралар қабылдау керек. Оқу-ағарту, Туризм және спорт министрліктері мен әкімдіктер оқушыларды білім беру және спорттық іс-шараларға жіберу кезінде полиция қызметкерлерінің міндетті түрде жол бастап жүруін қамтамасыз етуі қажет"Олжас Бектенов

Бұған дейін Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қалай анықтауға болатыны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: