Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы петицияның шешімін айтты

Аида Балаева, государственная служащая, Казахстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 17:16 Фото: primeminister.kz
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияға қатысты ведомствоның ұстанымын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 10 маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы өтініш келіп түскен.

"Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс туғызып, қызу пікірталас болды. Өйткені қазіргі кезде мемлекет тарапынан адам құқықтарына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Қазақстанда президенттік реформалар аясында демократиялық даму, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған. Соның бірі – петиция институты",- деді Аида Балаева.

Ол сондай-ақ, конституция нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан кемсітуге қарсы саясатты жүзеге асырады. Ол саясат негізінде қоғамда конституциялық кепілдік, жанжал тудырмау және толеранттылықтың сақталуын қамтамасыз ету міндеттелгенін атап өтті.

"Қоғамдағы осындай маңызды петицияны талқылауға көптеген қазақстандықтар қатысып, көтерілген мәселелер бойынша пікірлер екіге жарылды. Жұмыс тобына қоғамның түрлі топтарының арасынан 45 адам кірді. Атап айтқанда, құзырлы мемлекеттік орган өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар мен барлық мүдделі тараптар қатысты. Осылайша, қоғамымның үлкен бөлігі мәселені талқылауға белсенді араласты". Аида Балаева

Оның айтуынша, жұмыс тобының екі отырысын және ауқымды сараптамалық талқылаулар өткізу кезінде өтініш бойынша келіп түскен ескертулер талданып, жүйелі жұмыс жүргізілді. Ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерге салыстырмалы талдау жасалды. Петицияда көтерілген мәселелерді реттеудің халықаралық тәжірибесі зерделенді. Жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және сарапшылармен кеңес өткізілді.

"Петиция тақырыбы бойынша халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар ұсынған пікірлер, ұсыныстар мен дәлелдер, зерттеу материалдары мен үндеулердің барлығы назарға алынды. Дегенмен, бұл жұмыс петиция бойынша түпкілікті шешім қабылдауға жеткіліксіз. Зерттеулер мен талқылаулар қазіргі уақытта бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарды жалғастырып, мәселені жан-жақты зерттеп, оны реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу керектігін көрсетті. Бұл уақыт алады",- деп толықтырды министр.

Дегенмен, Балаеваның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан петицияны ішінара қолдау.

"Балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі аясында "Жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды, оның ішінде дәстүрлі емес қатынастарды насихаттау мен культ жасаудан қорғау" талабы өзекті әрі қажет. Балаларымыздың қауіпсіз ақпараттық ортада өсіп, дамуы өте маңызды". Аида Балаева

Ол қорытындылай келе, біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру. Сондай-ақ ұлттық мәдени мұраны ұстануға және генетикалық кодты сақтауға жағдай жасау өте маңызды екендігін айтты.

2024 жылғы 9 маусымда "Біз ҚР-да ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!", петициясы E-Petition.kz ресми порталында 50 мың дауыс жинап, іске қосылды. Оны қарау жөніндегі отырыстар кезінде жұмыс тобының қатысушылары осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдірді. 1 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция бойынша шешім жобасын жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: