Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Роман Склярды қабылдады

Тоқаев Роман Склярды қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 18:30 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 тамызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр Мемлекет басшысына индустриялық жобаларды жүзеге асыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта өндеу өнеркәсібі 105,1 пайызға, машина жасау саласы 9,4 пайызға, ал тау-кен және металлургия кешені 8,3 пайызға өскені туралы айтты.

Бұдан өзге мұнай және газ құбырларын салумен, газ өңдеу зауыттары мен мұнай химиясы өндірісін іске қосумен байланысты жобалардың орындалу барысын таныстырды. Мәселен:

  • жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты, сондай-ақ 30 миллиард текше метр газ өндірілген;
  • осы жылдың соңына дейін 128 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 61,8 пайызға жетеді.

Жылыту маусымына дайындық барысы жөніне де тоқталып өтті:

  • қазіргі кезде 309 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен 154 миллиард теңге жұмсалады;
  • сонымен қатар биыл жалпы сомасы 327 миллиард теңгеге 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған;

Мұнымен қоса, инвестиция тарту жөніндегі кеңестің қызметі, атап айтқанда шетелдік серіктестермен бірге іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар жөнінде айтты. Олардың бірқатарына қатысты уағдаластыққа Мемлекет басшысының шетелдерге сапары кезінде қол жеткізілген:

"Кеңес қызметін қайта құрылымдаған сәттен бастап жалпы сомасы 40 миллиард долларға жуық 77 инвестициялық жобаның түйткілді мәселелері шешімін тапқан. Бұл ретте машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, тау-кен, металлуругия кешені, энергетика, жер қойнауын пайдалану салаларындағы қосылған құны жоғары жобаларға айрықша мән беріліп отыр". Роман Скляр

Президент өз кезегінде қабылданып жатқан шаралардың маңызды екеніне назар аударып, аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: