Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қарағанды облысы, Шахмет ауылы, еңбеккерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 18:34 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 14 тамыздағы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Нұра ауданына қарасты Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шахтерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп ауыл шаруашылығы кәсіпорынында 245 жергілікті тұрғын жұмыс істейтінін айтты. Шаруашылық негізінен дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ картоп егумен айналысады. Директордың айтуынша, агробірлестіктің техникалық паркінде John Deere, Buhler, CLASS, Lovol, Valtra, РСМ, Acros маркалы заманауи шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, астық жинайтын комбайндар бар. Бүгінде шаруалар егін жинау науқанына сақадай сай, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президентке жергілікті тұрғындар ауылда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ауылды дамытуға және шаруаларды қолдауға айрықша мән беретінін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүр.

Сондай-ақ Президент Шахтер ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: