Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Курск облысындағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін айтты

Сыртқы істер министрлігі,  Курск облысындағы жағдай, Қазақстан ұстанымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 22:44 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ресейдің қарулы күштері бір аптадан астам уақыт бойы Курск облысында украин әскерімен шайқас жүргізіп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі көрші елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазір дүниежүзінің елдері Ресей Федерациясының Курск облысындағы жағдайға алаңдап отырғанын жеткізді. 

Смадияров Қазақстан үнемі саяси-дипломатиялық жолдарды кеңінен пайдаланып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын баса атап өтті. 

"Осыған байланысты біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен пайдалана отырып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде қолдаймыз. Сонымен қатар, өзара қолайлы шешімдерді жүйелі түрде қарастыруға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың кез келген күш-жігерін құптаймыз". Айбек Смадияров

12 тамызда Президент Владимир Путин Курск облысындағы жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Ел президенті облыстың зардап шеккен аудандарында ипотекалық несие мен өзге де несиелер бойынша төлемдерге мораторий жариялауды қолдады.

Айта кетсек, Украина Қарулы күштерінің Курск облысына шабуылы 6 тамызда басталып, әлі жалғасып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: