Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: Қазақстанның СІМ мәлімдеме жасады

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс: Қазақстанның СІМ мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 21:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіріп отыр.

"Барлық мүдделі тарапты одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін барынша ұстамдылық көрсетуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтыны атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін СІМ бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуінен кейін қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысты түсінік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: