Қазақстан СІМ Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімге қатысты мәлімдеме жасады

Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы Бейбіт келісім бойынша келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 15:18 Сурет: Telegram/pressmfakz
2025 жылғы 14 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбітшілік келісімі бойынша келіссөздердің аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бейбітшілік келісімі жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді аяқтау және Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасында мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы мәлімдемелерін құптайтынын атап өтті.

"Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасында Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастар орнату туралы келісім жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді аяқтау жөнінде мәлімдемелерін құптайды." Қазақстан Сыртқы істер министрлігі

Қол жеткізілген уағдаластықтар мен осы тарихи құжатқа қол қою Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ бүкіл Оңтүстік Кавказ өңірінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдіреміз.

Қазақстан Республикасы берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: