Жаңалықтар тізбегі
0

Мирзиёев Қазақстанның бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін "Дўстлик" орденімен марапаттады

Шавкат Мирзиёев, "Дўстлик" ордені, Қазақстанның бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 17:33 Сурет: president.uz
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Қазақстан Республикасының бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан президентінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, "Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен және маңызды бастамалармен толықтыруға қосқан жеке үлесі үшін, бірлескен жобаларды белсенді ілгерілету, сондай-ақ біздің елдеріміздің халықтары арасындағы ғасырлар бойғы достығын одан әрі нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін Өзбекстан Республикасының "Дўстлик" орденімен мына тұлғалар марапатталсын":

  • Қарин Ерлан Тынымбайұлы - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі;
  • Желдібай Руслан Сұлтанұлы - ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі;
  • Серік Мақашұлы Жұманғарин – ҚР премьер-Министрінің орынбасары;
  • Балаева Аида Ғалымқызы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі;
  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов - ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • Хашимжанов Икрам Акрамович - ҚР-дағы өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.

2024 жылы 7 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Кейін Ақорда Қазақстан мен Өзбекстан қол қойған құжаттардың тізімін жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: