Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді жаңадан тағайындады
Сурет: Zakon.kz
9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді жаңадан тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен Президент Жарлығымен Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сурет: ҚР СІМ
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сурет: ҚР СІМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript