Шекараның жекелеген учаскесін шегендеу: Қазақстан мен Ресей жаңа құжат жобаларын бекітті
Сурет: primeminister.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 142-ші отырысы өткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство комиссияның отырысы Мәскеуде 2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында өткенін нақтылады.
"Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, үстіміздегі жылғы далалық жұмыстардың қорытындыларын шығарды".ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript