Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялаудың қорытынды құжат жобасын әзірледі
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2022 жылы 14-19 қараша кезеңінде Ташкент қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.
Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript