Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазан Экспо" көрме орталығында Тоқаевты Путин күтіп алды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Қазан, БРИКС, саммит, Қазан экспо , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 23:10 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" көрме орталығына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин күтіп алды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесу, Қазан, БРИКС, саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 23:10

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келіп жеткені хабарланған. Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: