Мемлекет басшысы "Ынтымақ Ордо" ғимаратына келді

Мемлекет басшысы "Ынтымақ Ордо" ғимаратына келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 12:32 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін 6 қараша күні Бішкекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сурет: akorda.kz

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады.

"Шара "Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік" тақырыбында өтеді",- делінген Ақорда мәліметінде.  

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: