Тоқаевтың Түркияға ресми сапары: Анкарадағы ТМҰ саммитінен алғашқы кадрлар жарияланды
Сурет: Ақорда
2026 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Президенттік кешеннің көрме орталығына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін Ақорданың Telegram-арнасында тиісті кадрлар жарияланғаннан кейін белгілі болды.
Айта кетейік, Анкарадағы Президенттік кешеннің көрме орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысып жатқан делегация басшыларының ортақ суретін жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жеке өзі қарсы алып, әуежайдың келу залында екеуі қысқаша әңгімелесті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
