Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде қол қойылған құжаттардың тізімі жарияланды
Сурет: akorda.kz
Ақорда 2024 жылғы 6 қарашада Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
- "Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі" туралы шешім;
- Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
- Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы шешім;
- Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
- "Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже" туралы шешім;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.
Бұған дейін Тоқаевтың Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне қатысқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript