Қазақстан суретшісі өзі салған "Достық көпірі" картинасын Путинге сыйлайтын болды

Достық көпірі, сурет, Ассоль, Астана, Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 19:25 Сурет: Telegram/ptrkkz
Кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған "Достық көпірі" атты картинасын Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшыларына көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мемлекеттер басшыларына сурет салуына үлес қосуды ұсынды. Содан кейін ол картинаны Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартуды уәде етті. 

Бұған дейін Владимир Путин 27 қарашада Астанаға ұшып келгені хабарланған болатын.

Қазақстан президентінің мақаласы "Известия" газетінде, ал Ресей президентінің мақаласы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: