Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
Фото: akorda.kz
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2024 жылғы 13 желтоқсанда энергетика саласы қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 азамат "Парасат" орденінің және 19 энергетик "Құрмет" орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен наградталды, 56 маман "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript