Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері туралы кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 13:44 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: