Қазақстан 28 қаңтардан бастап картоп экспортына шектеу қойды

Овощи, магазин, супермаркет, продукты питания, овощной отдел , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 12:21 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 27 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының аумағынан картоп экспортының кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттауды қоспағанда, жаңа піскен немесе салқындатылған картопты Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты айға тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Бұйрық 2025 жылдың 28 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мұндай шешім 2025 жылдың 18 қаңтарында сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында өнім тапшылығына байланысты қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, маусымаралық кезеңде (қаңтар-сәуір) бүкіл халықтың қажеттілігі 675 мың тонна болса, картоп тапшылығы 374 мың тонна деңгейінде күтілуде (қала халқының тапшылығы – 123 мың тонна) тонна).

Осылайша, Қазақстан үшінші елдердің аумағына картоптың ірі экспортын ескере отырып, сондай-ақ ішкі картоп нарығындағы сыни тапшылықты болдырмау немесе азайту үшін ведомствоаралық комиссия отырысында картопты республика аумағынан экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: