ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры ауысты

Подписание законов, назначения, назначение, президент подписал, подписание документов, подписание, документы, подписание документа, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 10:51 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылдың 27 ақпанында Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды. Енді оның орнына Азамат Жолманов келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір бұйрығымен Әбіл Ерлан Қуанышұлы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.

Ерлан Әбіл 1973 жылы 18 қыркүйекте Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері.

Еңбек жолын Жезқазған тау-кен технологиялық институтының "Экономика және менеджмент" кафедрасының ассистенті болып бастады. 2019 жылдың 21 тамызынан бастап академияның ректоры.

Басқа бұйрықпен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Азамат Жолманов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген, сонымен қатар Мемлекеттік басқару академиясының магистрі. Мемлекеттік басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

2022 жылғы 7 ақпаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: