Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 16:51 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады. Мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне баса назар аударылды.

Ерлан Қарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты.

Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева Ә. Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет Үлкен театрының "Лазги. Танец души и любви" атты қойылымын тамашалады. Сонымен қатар суретші Орал Таңсықбаевтың кескіндемелік және графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: