Сауалнама: Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылда болмаған ең төмен деңгейге түсті

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 12:57 Фото: flickr/Gage Skidmore
Ертең Доналд Трамптың екінші мәрте АҚШ Президенті атанғанына 100 күн толады. Бірақ ол бұл аса маңызды межені соңғы 70 жылда бірде-бір Президентте болмаған ең төмен рейтингпен қарсы алмақ.

Көптеген жаңа сауалнама қорытындысы осыған саяды. Мәселен, CNN-нің зерттеуіне қарағанда, Трамптың саяси экономикалық реформаларын қолдау деңгейі тағы да түсіп, 41%-дан аспаған. Яғни, 1953 жылдан бері ел тізгінін ұстаған өзге президенттердің алғашқы жүз күндегі рейтинтерімен салыстырғанда ең нашар көрсеткіш болып отыр.

Жалпы, Трамптың президент ретіндегі жұмысын мақұлдау деңгейі ақпанда 7 пайыздық, ал наурыз айынан бері 4 пайыздық тармаққа кеміді. Сауалнамаға қатысушылардың 22% оның жұмысын толық қолдайтынын білдірсе, 45% керісінше мүлдем қолдамайтынын айтқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Әсіресе Трамп әйелдер мен испан тілді америкалықтар арасында едәуір қолдаудан айырылды. Әйелдердің 36%, ал испан тілділердің тек 28% ғана Трампқа сенім білдірген.

Жалпы, Трамп 100 күн ішінде қолға алған көптеген негізгі өзгеріс бойынша халықтың сенімін жоғалтып жатыр. Оның бұл мәселелерді шешу қабілетіне деген сенім де азайған. Америкалықтардың Трамптың президенттік билікті жауапкершілікпен қолданатынына деген сенімі де сегіз тармаққа төмендеп, 46 пайыз болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: