Сенат Қырғызстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады

Бұл келісімге 2024 жылғы 19 сәуірде Қырғызстан Президентінің Астанаға ресми сапары барысында қол қойылған болатын.
Келісімнің мақсаты – екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы режим құру, соның ішінде бір тараптың инвесторларының екінші тараптың аумағында инвестиция салуын қамтамасыз ету және инвестициялық қызметке байланысты мәселелерді реттеу.
Келісімнің ережелеріне сәйкес, тараптардың кез келгенінің инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқықты режимге, сондай-ақ толық қорғау мен қауіпсіздікке ие болады. Әрбір тарап өз ұлттық заңнамасына сәйкес экономиканың сезімтал секторларын және оларға байланысты кәсіпкерлік қызмет түрлерін анықтау құқығын сақтайды, оларды шектеуге немесе келісімнің қолданылуынан шығарып тастауға болады. Сондай-ақ, ешбір тарап басқа тараптың инвесторларын олардың инвестицияларынан тікелей немесе жанама түрде айыратын ұлттықтандыру немесе басқа да шаралар қабылдамауы тиіс.
Қырғызстанмен стратегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны одан әрі дамытуға перспективалар ашады, бұл екі ел халықтары арасындағы өзара байланыстардың өсуі мен нығаюына ықпал етеді.
Бұған дейін Қазақстан Қытайды құс етімен қамтамасыз етпек екенін жазған болатынбыз.