Президент АӨСШК-нің дамуына қосқан үлесі үшін Әзербайжан еліне алғыс айтты

Тоқаев, Президент, АӨСШК, Әзербайжан, алғыс айту, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 18:05 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 2 шілдеде елордада АӨСШК штаб-пәтеріне барып, іс-шараға жиналған қауым алдындағы сөзінде елімізде энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы инфрақұрылымды жаппай дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан халықаралық серіктестермен бірге теміржол және автокөлік дәліздерін, теңіз порттарын, жалпы транзит және логистика саласын жаңғыртуды белсенді түрде қолға алды. Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырғымыз келеді. Өйткені жасанды интеллект өсімі инновация мен цифрлық дербестіктің негізгі қозғаушы күші болады. Осы стратегиялық маңызы зор салаға күш-жігерімізді жұмылдыру үшін Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрдық. Көп ұзамай қуатты суперкомпьютерді іске қосамыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын жаңғыртуды тағы бір стратегиялық бағыт ретінде атады. Ел экономикасын әртараптандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аталған саланың ықпалы зор.

"Біз жаһандық қосылған құн тізбегімен толық интеграцияланған, сондай-ақ климат пен орнықты даму саласындағы мақсаттарға сай келетін тұрақты экономиканың негізін қалап жатырмыз. Бұл ұзақмерзімді мақсатқа жету үшін халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық құруға мүдделіміз. Орайлы сәтті пайдаланып, осы маңызды бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан дипломаттар қауымының айрықша рөлін атап өткім келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша АӨСШК қатысушыларына табыс тілеп, ұйымға жоғары деңгейде төрағалық жасағаны, диалогты нығайтудағы өлшеусіз күш-жігері, АӨСШК-нің институттық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстанның сенімді досы – Әзербайжан еліне алғыс айтты.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Президент аталған іс-шараға жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, еліміздегі дипломатия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: