Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдады
Фото: senate.parlam.kz
2025 жылғы 11 тамызда жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Дүниежүзілік ұйым құру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Қытай Халық Республикасы жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құруды ұсынған.
"Мақсат – ЖИ басқаруда көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық теңсіздікті азайту, этикалық нормаларды дамыту және жасанды интеллектіні орнықты пайдалану. Қытайдың осындай ұйым құру туралы ұсынысын қолдап, дайындық жұмыстарына қатысу қажет деп санаймын. Бұл – еліміздің мүддесіне сай", – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, кеңес барысында Мемлекет басшысы елдегі барлық цифрлық экожүйені – мемлекеттік те, квазимемлекеттік те – бірыңғай ұлттық (суверенді) платформаға көшіруді тапсырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript