Alatau City арнайы мәртебеге ие болады – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 09:55 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 2 қыркүйекте Бейжіңде өткен қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында Қазақстан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрландыру саласындағы Қытайдың әлемдік деңгейде мойындалған жетістіктерін жоғары бағалаған президент бұл бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.

Сарапшылардың дерегінше, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 трлн АҚШ долларына жетіп, оның әлемдік технологиялық индустриядағы үлесі 30%-ға дейін артуы мүмкін.

"Кеше, Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөйлеген сөзімде Қазақстан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру бастамасын қолдайтынын мәлімдедім. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Биыл елімізде өңірдегі алғашқы суперкомпьютер іске қосылып, AlemAI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Alatau City атты жаңа қаланың құрылысына ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Бұл қала инновацияларды, криптоиндустрияны және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған елдік және өңірлік орталыққа айналмақ.


"Осыған байланысты Қазақстан қытайлық компаниялармен тығыз ынтымақтастыққа үміт артады. Бүгін Қазақстан мен China State Construction Engineering Corporation арасындағы келісімге қол қойылуын толық қолдаймыз. Құрылысты тез арада бастауды қажет деп санаймын. Жақын арада Alatau City дербес экожүйе ретінде арнайы мәртебе алады", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде қандай мәселелерге ерекше назар аударылғанын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: