Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандықтың тарихи борышы мен басты міндетін атады

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 13:02 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 тамызда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеп, қазақстандықтардың тарихи борышы мен басты міндетін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, "біз қазақ халқының қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген ұрпақ ретінде тарихта қалуымыз керек". Ол сондай-ақ "бүгінгі заман бізге елдің болашағын бірге қалыптастыру жауапкершілігін жүктеп отыр" деп атап өтті.

"Біздің ұрпақ тек өзгерістердің куәгері болып қана қоймай, ұлы істердің бел ортасында болуы керек. Біз келешек ұрпаққа дамыған, өркениетті және құқықтық мемлекет қалдыруға тиіспіз. Бұл – біздің тарихи борышымыз. Осы мақсатқа жету үшін біз Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстанды құрып жатырмыз. Негізінде, ұлттық идеологияның мәні де – осы. Басты міндетіміз – алдыңғы қатарлы әрі бәсекеге қабілетті ұлтқа айналу, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдегі тұрақтылықты сақтау және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Конституция – қазақ халқының қасиетті қазынасы. Оның әрбір бабы мүлтіксіз орындалуға тиіс" деп атап өтті

"Білетіндеріңіздей, 8 қыркүйекте мен Қазақстан халқына Жолдау жасап, елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының негізгі мақсат-міндеттерін айқындаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Президент 1995 жылғы Конституцияға реформалар енгізу туралы шешім қабылдағанын, бірақ оның мағыналық негізін сақтап қалуды жөн көргенін түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: