Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен үсік күтіледі
Фото: pixabay
2025 жылғы 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың айтуынша, жекелеген өңірлерде найзағайлы жаңбыр жауады.
"Солтүстікте, солтүстік-батыста 9-10 қыркүйекте, шығыста 9 және 11 қыркүйекте, республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында 10-11 қыркүйекте қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жаууы, екпінді жел соғуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, елдің көптеген өңірінде жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі.
"Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады", – деп толықтырды синоптиктер.
Мамандар температуралық фонға да тоқталды. Ел бойынша ауа температурасы төмендейді.
- Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С.
- Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, облыстың оңтүстігінде +23°С-қа дейін.
- Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С.
- Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С.
- Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С.
- Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.
- Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript