Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды

Тоқаев, Нью-Йорк, жұмыс сапары , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 19:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды. Бұл туралы 2025 жылы 21 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев  2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Нью-Йоркке жұмыс сапары жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: