Ержан Қазыхан қызметінен босатылды

Ержан Хозеұлы Қазыхан жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 09:02 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістерді жалғастыруда. Бүгін, 2025 жылғы 26 қыркүйекте ол Ержан Қазыханды мемлекет басшысының көмекшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Ал мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Ержан Хозеұлы Қазыхан - 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

  • 1989 – 1992 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.
  • 1992 – 1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы, Басқарма меңгерушісінің орынбасары.
  • 1995 – 1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
  • 1999 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
  • 2003 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
  • 2007 – 2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2008 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  • 2009 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.
  • 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2011 – 2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
  • 2012 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
  • 2014 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы және Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
  • 2017 – 2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2021 – 2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.
  • 2022 – 2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.
  • 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

"Құрмет" (2011), "Парасат" (2016), III, ІІ дәрежелі "Барыс" (2021, 2024) ордендерімен, ҚР Президент Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төс белгісімен (2014) марапатталған.

Қазақстанның сыртқы саясаты мен көпжақты дипломатиясы бойынша бірқатар мақалалардың авторы.

Ағылшын және араб тілдерін меңгерген. Үйленген, 2 баласы бар.

Ал Мемлекет басшысының келесі жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: