Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты
Сурет: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 26 қыркүйекте Ержан Ашықбаевты АҚШ-тағы елші қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда жазды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ашықбаев Ержан Ниғматуллаұлы Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ержан Ашықбаев 2021 жылғы сәуірден бастап ҚР-ның АҚШ-тағы елшісі болып қызмет атқарып келді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 26 қыркүйекте сыртқы істер министрін де ауыстырды. Жаңа министр болып Ермек Қошербаев тағайындалды. Ал бұрынғы СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Президенттің көмекшісі қызметіне кірісті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript