Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентіне жеделхат жолдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қазанда Кипр президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript