Мемлекет басшысы: Әділетті мемлекет ретінде біз әр азаматтың ұсынысын ескеруге тиіспіз
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентке көшу және алдағы референдумға дайындық аясында қоғаммен ашық диалогтың маңызын атап өтті.
Президенттің айтуынша, елдегі реформалардың табысты жүзеге асуы әр азаматтың белсенділігі мен ұсынысына байланысты.
"Парламент – Тәуелсіздігіміз бен мемлекетттігімізді айқындайтын аса маңызды құрылым. Бұл ешқашан өзгермейді. Референдумға дейінгі жұмыстар мұқият ойластырылып, байыппен жүргізілуі тиіс", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдағы өзгерістерге қатысты шешім қабылдау процесіне қоғамның кеңінен қатысуы маңызды.
"Білікті мамандар өз ойларын ашық айтып, тиімді ұсыныстар беруі керек. Қоғам пікірі дұрыс қалыптасуы үшін әр пікір мұқият сарапталып, жан-жақты қарастырылуға тиіс. Жұмыс тобы өз міндетін кәсіби деңгейде атқаруы қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент азаматтардың пікірлерін жинақтау және талдау үшін цифрлық құралдардың белсенді қолданылатынын айтты.
"Атап айтқанда, "е-Otinish" және "е-Gov" порталдары арқылы келіп түскен барлық ұсынысты сараптап, зерделеу қажет. Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек. Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуы тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол сондай-ақ Конституцияға енгізілетін өзгерістердің құқықтық және процедуралық тұрғыдан нақты айқындалуы керектігін атап өтті.
"Әр баптың мән-мағынасына терең үңіліп, оны кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет. Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Сондықтан Жұмыс тобына үлкен сенім артамын. Баршаңызға табыс тілеймін", – деп түйіндеді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript