Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қояды

Қол қою, Мәскеу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, келіссөздер қорытындысы, декларация , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2025 18:27 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде маңызды құжатқа қол қояды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 12 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қояды", делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтетіні де нақтыланады.

Бұған дейін Тоқаев пен Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі. Одан кейін қос президенттің Путин Оралдағы өңіраралық форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: