Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды

Мемлекеттік сапар, Тоқаев, Мирзиёев, алғыс хат, Өзбекстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 21:36 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке 14-16 қараша күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне алғыс айтып, хат жолдады.

"Президент хатта екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға тың серпін берген бұл сапардың тарихи мәніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте ұйымдастырылған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне жоғары баға берді", делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша өрбіген мазмұнды пікірталастар, қабылданған маңызды шешімдер мен құжаттар, сондай-ақ диалогқа Әзербайжанның толық құқылы мүше ретінде қосылуы форумның стратегиялық сипатын арттыра түсті.

Бұған дейін Астанада Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: