Қазақстан мен Жапония 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қояды

Флаги Японии и Казахстана, Япония и Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 08:01 Фото: senate.parlam.kz
Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми сапар аясында жасалатын бұл келісімдердің жиынтық құны 3,7 млрд доллардан асады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған.

Келісімдер:

  • энергетика,
  • жаңартылатын қуат көздері,
  • цифрландыру,
  • тау-кен,
  • көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.

Қазақстан тарапынан құжаттарға "Самұрық-Қазына", KEGOC, "Қазатомөнеркәсіп", "Тау-кен Самұрық", "Қазпошта", "Қазақстан темір жолы" компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.

Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: