Тоқаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындады

Азамат Кескінбаев Қазақстан Президенті Әкімшілігінде Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 16:49 Сурет: Facebook/Азамат Кескинбаев
Азамат Кескінбаев Президент Әкімшілігінде Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 23 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Президентінің Жарлығымен Кескінбаев Азамат Бахитжанович Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындалды", – деп жазылған ресми хабарламада.

Азамат Кескінбаев 2009 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Мәскеудегі Жоғары экономикалық мектептен экономика магистрі дәрежесін алған.

Бұрын "Қазпошта" АҚ-да қаржы жөніндегі басқарушы директор – басқарма мүшесі қызметін атқарған.

Бүгін, 23 желтоқсан 2025 жылы, сондай-ақ Ростислав Коняшкиннің Қазақстандағы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: