Президент: Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім алғаш рет 15 мың долларға жетті
Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел экономикасының өсімі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзін Ақорда жариялады.
"Халықтың бірлігі мен жасампаз еңбегінің арқасында өткен жыл еліміз үшін айтулы жетістіктерге толы болды. Экономика 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім көлемі 300 миллиард доллардан асып, Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жан басына шаққанда 15 мың долларға жетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл көрсеткіш бүкіл Орталық Азия өңірі үшін рекорд болып саналады.
"Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға артты. Елдің алтын-валюта резервтері жаңа тарихи шекке жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жуықтады", – деп атап өтті Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев халық саны шамамен 20,5 миллион адамға жеткенін, ал азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа дейін артқанын айтты.
"Ең бастысы – қоғам өзгерді, ұлттық сана-сезімде елеулі серпіліс байқалады, ал реформалар тұрақты сипат алды. Бұл үдерістерде Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарды. Соңғы төрт жыл ішінде Құрылтай мүшелері көптеген маңызды бастамалар көтеріп, олардың ұсыныстары негізінде 26 заң қабылданды", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық болашағындағы көмірдің рөліне тоқталып, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың көмірдің маңыздылығы туралы айтқан пікірін атап өткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript