Үкімет мұнай-газ химиясы саласындағы жаңа жобаларды уақтылы аяқтауы тиіс – Тоқаев

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 13:04 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамыту мәселесіне тоқталды.
"Қажетті жағдай болса да, осы кезге дейін елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ", — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жақында бірқатар жаңа жобалар іске қосылған.

"Менің тапсырмаммен полиэтилен, бутадиен, карбамид және басқа да өнімдер шығарып, осы саланы жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жобалар іске қосылды. Үкімет бұл жобаларды уақтылы аяқтауға тиіс", — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сала дамуының маңыздылығын атап, негізгі химия өнімдеріне деген сұранысты отандық өндіріс арқылы қамтамасыз ету керектігін айтты.

"Осындай мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыру арқылы еліміздің негізгі химия өнімдеріне (полиэтилен, полипропилен) деген сұранысын өтейміз", — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, өңдеуге мән берілмеген полимерлерді пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталды.

"Өзімізде шығарылатын полимерді барынша өңдеу ісі жолға қойылмаған. Бұл материалдан автобөлшектер, тамшылап суаруға қажетті құралдар, медициналық жабдықтар, ыдыс-аяқ және басқа да көптеген өнім шығаруға болады", — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

"Бұл орайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек. Соның ішінде лизингпен құрал-жабдық, жеңілдікпен несие беру қажет. Бұл қадам азық-түліктен өзге өнімдердің бағасын төмендетуге зор мүмкіндік береді", — деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: